Кешелі бері 38 рейс кестеден кешікті

Ал Air Astana компаниясы бүгінге жоспарланған 6 рейсті тоқтатты.

Алматыдан Бішкек, Ташкент, Шымкент, Қызылорда мен елордаға сондай-ақ кері қайтатын әуе кемелері қардың қалың жаууына байланысты ұшпайтын болды. Оған қоса, кешелі бері 38 рейс кестеден кешікті. Әуе компаниясының өкілдері билеттерді қайтару және қайта брондау үшін сатып алынған жерге хабарласу керектігін ескертті. Жоспарланған рейстердің кестесін онлайн ресурс арқылы тексеріп отырған жөн. Күн райының қолайсыздығы салдарынан ұшақтардың Алматыға қонатын және кері қайтатын уақыты әлі де өзгеріп жатыр.