Археологтардың лицензиясы тексеріледі

Археологиялық қазба жұмыстарын қадағалауды күшейту қажет.

Себебі жерасты бағалы бұйымдар шетел асып, ұстағанның қолында кетіп жатыр. Ал оған жол бермеу үшін лицензиялау тәртібіне қатаң бақылау орнату керек. Шымкенттік тарихшылардың пікірінше, мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары саланы дамытуға серпін береді.

Гүлжан Сүгірбаева, тарихшы:

- Заңсыз археологиялық қазбалар жүріп жатыр. Оларды жүргізген адамдар лицензия алмай, ешқандай рұқсатсыз қазбаларды жүргізеді. Сол қазбаларға біз тосқауыл қоюымыз керек. Көп тарихи орындарымыз қараусыз да қалып жатыр. Осы іс-шаралар жүзеге асса біздің тарихымыз сақталады деп есептеймін.