Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Шымкентте Наурызды тойлаудың онкүндігі аясында ұмыт қалған әдет-ғұрыптар ұлықталды.

Ұлттық құндылықтар музыкалық-театрландырылған қойылым арқылы ерекше форматта ұсынылды.

Қаладағы барлық театр әртістері жұмылып, «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер» сияқты жөн-жоралғы мен әдет-ғұрыптардың тарихы мен мән-мазмұнына үңілді. Ұйымдастырушылар, қоғамның дамуына байланысты бүгінге дейін жеткен асыл мұраны қайта жаңғыртуды мақсат етті.

Гүлшат Жаханқызы, қалалық әдет ғұрып және салт-дәстүр орталығының бөлім меңгерушісі:

- Қазіргі таңда біздің рухани жаңғырғанымыз, өшкенімізді жаңғыртқанымыз ол біздің соңғы 20 жылда десек те болады  қыздың өз отанынан ұзатылуы, оған құда түсіп үйінен алып кетуі ол біздің шын мәнінде 70 жылда жоғалтқан дәстүрімізді жаңғыртқанымыз болып есептеледі.