Қызылорда облысының құтқарушыларына жаңа техника берілді

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 17 жаңа техника берілді.

Оның ішінде 60 метр қашықтыққа дейін су шашуға қауқарлы 15 өрт сөндіруге арналған автокөлік, заманауи құрылғылармен жабдықталған, биік ғимараттарға шығуға арналған бір дана автосаты мен байланыс автокөлігі бар. Бұған дейін өңірдегі өрт сөндіру техникасының 70 пайызы жаңартылған. «Енді бұл көрсеткіш 90 пайызға жетеді», - дейді мамандар. Айта кетейік, аймақта соңғы үш жыл қатарынан құтқарушылардың материалдық-техникалық базасы жаңа автокөліктермен толықтырылып отыр.

Руслан Қайрақбаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Қазіргі таңда бұл техникалар маниторинг жұмыстарын жүргіземіз. Тозығы жеткен аудандардағы техникаларды ауыстыратын боламыз. Барлық жеті ауданға да беріледі.