С. Ідірісов: Атырау облысына жастарға арналған кітапхана керек

Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу.

Мемлекет басшысы үшінші Ұлттық құрылтайда кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру керегін айтты. Атыраулық зиялы қауым да Президенттің бастамасын қолдайды. Олардың сөзінше, тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларды көптеп ашу ел мәдениетінің дамуына серпін береді. Мемлекет басшысының Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастамасы да көкейдегіні дөп басты.

Саламат Ідірісов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры:

- Жаңа заманауи кітапханалардың салынуы ол өте қажетті әрі қазіргі күннің сұранысы деп есептеймін. Атырау облысына да осындай үлкен жастарға арналған кітапхана керек. Бұл кітапхана жоғары оқу орындарының базасында ашылса, тіпті қуанышты болар еді. Жастардың басын біріктіретін Атырау облысындағы барлық жас кітап оқуға құмар жастардың басын біріктіретін орталық жоғары оқу орындарының жанында болғаны дұрыс деп ойлаймын.