Алматыда көкжөтел басылмай тұр

Соңғы екі айда 15 баланың көкжөтелмен ауыратыны анықталды.

Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Олар көкжөтелге қарсы екпе алмаған. Науқастармен байланыста болған 208 адам тексерілді. Олар ауру жұқтырмаған. Жалпы, көкжөтел - өткір респираторлы бактериялды инфекция. Тұмау сияқты ол да ауа арқылы тарап, адамнан адамға жұғады. Дерт асқынса өкпе қабынып, ми мен жүйке жүйесіне зақым келуі мүмкін. «Ауруды алдын алу үшін дер кезінде емханаға барып, екпе салдыртқан жөн»,-деп кеңес береді дәрігерлер

Елдар Мұхамеджан, дәрігер:

- Осы көкжөтел бойынша арнайы екпелерді алу керек. Ол 2 айда салынады, 3-4 айда және 1,5 жаста салынады. Осы төрт кезеңнен тұратын профилактикалық екпе алған балаларда бұл аурудың алдын алуға болады. Бірақ ол 100% кепілдік бермейді ауырмайды деген. Бірақ ауырған жағдайда да аурудың жеңіл өтуіне септігін тигізеді.