Вейп пен насыбай саудасының жолы кесіледі

Астанада вейп пен насыбайдың заңсыз саудасын анықтау мақсатында қала әкімдігі, Полиция департаменті мен белсенді жастар арнайы рейд ұйымдастырды.

Қуаныш Расулов, Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы:

- Осы жерде заңсыз тауар сату, яғни ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 196-бабына сәйкес, заңсыз саудамен айналысу анықталды. Яғни насыбай сатқаны анықталып отыр. Осы бойынша, қазіргі таңда шара қолданатын боламыз. Сол бапқа сәйкес протокол хаттама саламыз.

Заң бұзған азаматтарға, яғни бұл жағдайда дүкен иесіне 25 айлық есептік көрсеткіш, 92 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Сауда нүктелеріндегі заңсыз вейп пен насыбай айналымының жолын кесу үшін өңірлерде осындай рейдтер жиі өткізіліп тұрады.

Мағзум Арсланбек, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

- Құқық органдары бар, әкімшілік бар, спортсмендер бар, барлығымыз бірлесе отырып осы акцияны өткізудеміз. Бүгін біз Есіл аудандық акимат апаратымен бірлесе отырып біздің жастарымыз бар профилактика жұмыстарын жүргізудеміз. әрине де бізбен бірге құқық қорғау органдары бірлесе отырып заң аясында профилкатика шарасын жүргізудеміз.

Акцияның мақсаты - айыппұл салу емес, дейді ұйымдастырушылар. Жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, вейп пен насыбайдың ағзаға тигізер зиянын түсіндіру. Профилактикалық іс-шара жүйелі түрде ұйымдастырылмақ.

Авторы: Бақыт Топтаева