Елімізде 30 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды

Елімізде 600-ден астам проблемалық кейс шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды 24KZ.

Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасы аясында жүзеге асырған.

Жалпы бұл жоба бизнес өкілдері үшін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған. Кәсіпкерлердің шағымдары көбіне салық салу, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу және инфрақұрылым нысандары салаларына қатысты болған.