Автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот отырысы. LIVE

Алматыда 3 адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Қылмыстық іс Алатау аудандық сотында қаралып жатыр. Оқиға былтыр желтоқсан айында болды. Қоғамдық көлікті тізгіндеген әйелді жолаушы жұдырықтап, салдарынан басқарусыз қалған автобус бірнеше адамды қағып, аялдамадағы көлікке соғылады. Жүргізушіні ұрған 33 жастағы Дархан Ахметжанов қамауға алынды.