Депутат: Елтаңба авторымен кеңесу қажет

Бұған дейін Елтаңбамыздың көлемі, пішіні, түрі мен түсі, астындағы жазуы бойынша 5 мәрте түзетулер енгізілген.

Осылай деген Мәжіліс депутаттары Еркін Әбіл мен Абзал Құспан бұл маңызды мәселені жауапты мемлекеттік органдармен, тиісті мамандармен, тіпті Елтаңба авторымен жан-жақты талқылауды ұсынды.

Айта кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда елдігіміздің айқын белгісі – Елтаңба мәселесі де көтерілген болатын.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Рас, қолданыстағы Гербіміз де жақсы жасалған. Ұлтымызға тән қастерлі белгілермен бірлік пен бейбітшілікті айшықтауды мақсат тұтқан. Ол осы кезеңнің ерекшелігі мен сұранысына сай ел халқын біріктірушілік қызметін мүлтіксіз атқарып келеді. Бұл ретте Қазақ мемлекеті 1991 жылы ғана пайда болмағанын, оның мемлекеттілік тарихының тереңде жатқанын да ескергеніміз жөн.