Наурыз қоржын таратылды

Көшеде қоржын ұсынған Қыдыр атаны көрсеңіз таңқалмаңыз.

Мейрам аясында белсенділер осындай іс-шара ұйымдастырды. Мерелік сыйлықты алғандардың бірі 58 жастағы Ағатай Мантаева. Ол 15 бала тәрбиелеп өсірген «Алтын алқа» иегері, батыр ана. Қазір қала тазалығына қарап, еңбек етіп жүр. «Күнделікті жұмысыма шыққанмын, мұндай тосын сый болар деген ойда жоқ», - дейді ол.

Ағатай Мантаева, көпбалалы ана:

- Мен өте қуаныштымын, бала шағамның қызығын көрсем, жұмыстың еңбегін жесем. Бүкіл қазақ халқын осындай жаңа жылымен құттықайтмын! Шексіз қуаныштымын. Еш ойламадым алдымнан қазақтың Қыдыр атасы шығады деп. Ата бабаларымнан алған батаның тигені шығар.