Семейде ұлттық киімдер байқауы өтті

«Наурызға көрік берген ұлттық сән».

Семейде осындай атаумен ұлттық киімдер байқауы өтті. Оған 100-ге жуық ару қатысты. Байқаудың қорытындысы орталық алаңда халықтың алдында шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сән сайысы алдағы уақытта жалғасын табады.   

Даяна Мұстафина, байқауға қатысушы:

- Баяғы заманда да қазақ халқымыздың әйелдері, ерлері осындай киімді көп кигендіктен қазіргі замандағы балалар, жасөспірімдер көп кие бермейді. Осы жылы, 2024 жылдан бастап, мектептерімізде, көптеген жерлерде осындай киімдерді дәріптеу шыға бастады ғой. Сол себепті осы көрсетілімді шығарғаны дұрыс болды деп ойлаймын.

Маржан Бахатова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Байқау бір ай көлемінде өтті. Осы қаламыздағы танымал сәнгерлер арасында ұлттық киімді бүгінгі дәстүрге сәйкес жарқырата көрсетіп жүрген олардың еңбегін бағалау, насихаттау мақсатында осындай конкурс алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Бүгін мысалы жастарымыз ұлттық киімді паш етіп, үлкен бір мақтанышпен көрсетіп өтті.