Қазақстан «Жер сағаты» акциясына қатысады

Фото: 24kz

Бүгін жалпыәлемдік «Жер сағаты» экоакциясы өтеді.

Онда белсенді қатысушылар бір сағатқа жарық шамдарын өшіреді. Осы арқылы электр қуатын үнемдеп, табиғатқа келетін зиянды азайтады. Жыл сайынғы науқан биыл да кешкі 8 жарым мен 9 жарымның аралығында өтеді. Бұған Қазақстан халқы да қатысады.

Жарықты өшіріңіз, табиғатқа жанашыр болыңыз. «Жер сағаты» акциясының белсенділері осыған үндейді. Олар, бір сағатқа электр қуатын қолданудан бас тартып, экологияға келетін зиянды азайтуға болады, дейді. Бүгін жаһанда 2 млрд адам осы науқанға қатысады.

Нұрдәулет Сағымбек, Жер елшісі:

- Жер сағаты – әлемде орын алатын үлкен акция. Бұл акцияның алатын орны үлкен. Мысалы бір сағаттың өзінде қаншама әлем осы бір акцияға қатысса, біз мына элект тоғын үнемдейтін боламыз. Қазіргі таңда рекорд болып жатыр, гиннестің рекорд кітабына еніп жатыр. Бұл акцияға әлемнің 100-ден аса мемлекеті, мыңнан аса қаласы қатысып отыр.

Акция алғаш 2007 жылы Австралияда өткен. Қазақстан да 15 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Биыл науқанға атсалысуға ниеттілердің қарасы көп. Мәселен, басқалада 100 ден аса нысанның жарығы өшеді. Оның ішінде Ақорда, Жоғарғы сот, Тәуелсіздік сарайы ғимарттары, Бәйтерек монументі бар. 

Сондай-ақ Алматы қаласында Көктөбе телемұнарасы мен қалалық мекемелердің жарығы сөндіріледі. Қалған өңірлерде де осылай. 

Аңсар Омар, Астана қалалық №71 мектеп-лицейінің оқушылар президенті:

- Бір отбасыда 2-3 адам бар ғой. Сол 2-3 адам бір айда 200-300кв электр құртады. Ал бұл күніне 1,6-2,5 энергия болып табылады. Бір сағатқа болсын жарықтандыруды өшіретін болсақ, ол жартылайдай жанағы СО2 өнімін азайтады. Ол бір отбасыдан 200 г-дай. Өйткені біз пайдалы қазбаларды жандырамыз ғой. 

Самира Иманғалиева, Жер елшісі:

- Қазіргі таңда әлемдік жылыну дейді сондай климаттық жағдайларға байланысты көптеген проблемаларымыз бар. Бұл барлығымызға мәлім. Сондықтан бұл акцияның басты мақсаты адам баласы сол проблемаға үлесін қосу. Әр адам біздің табиғатымызды қорғауы керек, сақтауы керек. уайымдауы керек.

Бүгін әлемге әйгілі Париждің Эйфелі, Лондондағы Бигбен мұнаралары да жарығын сөндіреді. «Жер сағаты» қозғалысының ұйымдастырушылары мен оларды қолдаушылар осы арқылы жаһан жұртын жалпы әлемдік  акцияға қатысуға шақырады.