Ақмола облысында еріген қардан ауылдарға қауіп төнді

Ақмола облысында еріген қар суы ауылдарға қауіп төндіріп отыр.

Әсіресе Ерейментау және Целиноград ауданында жағдай қиын. Аймақта тасқынның алдын алу үшін жедел шаралар қабылданған. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимге көшті. Өңірлердегі арықтар мен су құбылары қардан тазартылып жатыр. Осы уақытқа дейін 12 мың текше метр су сорылып, 150 мың текше метрден астам қар шығарылған. Ал су басу қаупі бар аудандарға Көкшетаудан қосымша техника мен құтқарушылар жіберілді. Жалпы облыста су тасқынына қарсы екі жүз техника мен бес жүзге жуық адам жұмылдырылған.