Арқалық маңындағы ауылдарды су басуы мүмкін

Арқалық қаласындағы Новый, Родина, Северный және Дачный елді мекендеріндегі 20 аула мен 12 үй судан толық тазартылды.

Өңірде қазір жағдай тұрақты. Дегенмен ауылдарды су басу қаупі сейілген жоқ. Себебі күн күрт жылынып, қар еріп жатыр. Су тасқынының алдын алу жұмыстарына Қызылорда облысынан қосалқы күш жіберілді. 31 құтқарушы арнайы техникамен жолға шықты.

Асылхан Нұрғалиев, Арқалық қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің  бастығы:

- Арқалық қаласының аумағында орналасқан барлық техника мен жұмыскерлердің барлығы жұмылдырылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары күні-түні тоқтатылған жоқ. Жағдай тұрақты. 12 үй судан тазартылды. Қазір ешқандай қауіп жоқ.