Елорда мен 12 облыста жедел штабтар жұмыс істеп тұр

Фото: 24kz

Елорда мен 12 облыста көктемгі тасқынға қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар жұмыс істеп тұр.

Үкімет басшысына бірінші орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және өңір әкімдері қазіргі ахуал жайлы баяндады. Тиісті жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам мен 700-ге жуық техника жұмылдырылған. "Жедел желі" іске қосылды. Олжас Бектенов тасқынға тосқын шараларын жалғастыруды және оның барысы жайлы тәулік сайын есеп беруді міндеттеді.

Жедел желі:

8 717 2 70 41 14