Алматыда «Тағдыр тасқыны» бизнес-романы оқырманға таныстырылды

Алматыда белгілі кәсіпкер Бауыржан Аманкелдінің «Тағдыр тасқыны» атты бизнес-романы оқырманға таныстырылды.

Кітап автордың басынан өткен оқиғалары мен өмірлік сабақтары туралы сыр шертеді. Романнан бөлек қызықты әңгімелер мен автордың кәсіпкерлік жолдағы қабылдаған тиімді шешімдері баяндалады. Мысалы, компанияларды құлдырауға немесе өрлеуге әкелген жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттайды. Автор басылымның сатылымынан түскен барлық қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ. Биографиялық роман 3000 данамен шықты. Оның 500-і қазақ тілінде.

Бауыржан Аманкелді, автор:

- Бұл кітапта бизнестегі бағындырған биігім мен құлдырау кезеңдерін ашық жаздым. Сондықтан оқырман үшін, жас кәсіпкерлер үшін жақсы мотивациялық туынды болады деп ойлаймын. Мысалы, бизнесті бастау ешқашан кештік етпейді. Бұл кітаптағы маңызды ойлардың бірі осы.