Мұғалжар ауданында төтенше жағдай жарияланды

Сондай-ақ Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында да жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Бұған Жем өзенінің суға толуы себеп. Әсіресе, Ембі қаласымен байланыстыратын көпірге қауіп төнген. Ал аудан бойынша Жағабұлақ және Бірлік ауылдарында 71 аулаға су кіріп, 185 адам эвакуацияланды. Келтірілген шығын көлемін арнайы комиссия анықтайды.