Қостанай облысында бір түнде 140-қа жуық адамды эвакуациялады

Армия авиациясының ұшқыштары Қостанай облысында бір түнде 140-қа жуық адамды эвакуациялады.

Көліктік-жауынгерлік тікұшақтар Арқалыққа дереу жетіп, суда қалғандарды құтқару жұмыстарына кірісті. Түнде құтқару жұмыстарын жүргізу тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілген. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан - Оралға Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілерін жеткізді. Қосымша күш Батыс Қазақстан облысындағы тасқын салдарын жоюға жіберілді.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Қорғаныс министірлігінің тапсырмасы бойынша Қостанай облысындағы апаттық аймақтардан тұрғындарды құтқару жұмыстары жалғастырылуда. Екі тәулік ішінде қарулы күштердің әскери авиациясының күшімен 240 адам оның ішінде 60 тан астам бала құтқарылды. Сонымен қатар осы түнде Алматы қаласынан Орал қаласына қорғаныс министірлігіның авиациясымен төтенше жағдай министірлігінің әскери бөлімнің әскери қызметшілері жеткізілді. Қосымша күштер батыс қазақстан облысындағы су тасқының жою салдарларын жұмылдыруға жеткізілді.