Ұстаз болу - адамның асылдығы

Ұстаз өзін үздіксіз дамытып отыруы қажет. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» иегерлерімен кездесті.

Ардагер ұстаздар қазір елімізде педагог мәртебесіне ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Олардың пікірінше, жас мұғалімдер шәкірттерге тек академиялық білім беріп қана қоймай, рухани тәрбиелеуі қажет. Министр өз кезегінде ұстаздарға ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, олардың үздік тәжірибелері өскелең ұрпаққа әркез үлгі екенін атап өтті.