Құтқару жұмыстары. Графика

Өңірлерде су тасқыны салдарын жою, қызыл суға қарсы іс-шаралар мен апаттық-құтқару жұмыстары жалағасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, су тасқыны басталғаннан бері 14 мыңға жуық адам, оның ішінде 5200-ден астам бала құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде тік ұшақтармен 1655 адам, 425 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарындағы уақытша орналастыру пунктерінде 6 мыңнан астам адам, оның ішінде 2 386 бала бар. Ведомство мен әкімдіктердің күшімен 4,6 млн. текше метрден астам қар суы сорылды, 370 мыңнан астам қапшық және 728 мың тонна инертті материал төселді.

20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп тұр. «Жедел желі» телефондарына 604 қоңырау келіп түсті, 309 жеке тұрғын үй мен 759 ауладан су шығарылды. Су шайған 55 автожол, оның ішінде 1 көпір және 54 жол төсемі бақылауда. Апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, Ішкі і стер және Қорғаныс министрліктерінен, жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан 8 458 адам, 2 124 техника, 808 су айдау құралы және 65 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылған.