Ақтөбе облысындағы бөгеттің бұзылуына қатысты іс қозғалды

Ақтөбе облысындағы «Щербаковское» бөгетінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24KZ.

30 наурызда су тасқынынан бөгет бұзылып, салдарынан мыңға жуық адам эвакуацияланған. 78 үйді су басып, 10 үй қирады. Оқыс оқиғадан Жүргенов ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалды. Ал қираған бөгеттің былтыр ғана жөндеуден өткізілгені белгілі болды. Алайда құрылым, тасқынға төтеп бере алмай, тұрғындар шығынға батты. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің «салғырттық» бөлімі бойынша іс тіркеліп, тергеу басталды. «Щербаковское» бөгеті «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы» балансына тиесілі.