Су тасқыны. Ақтөбе әкімі өтініш жасады

Ақтөбедегі Хромтау ауданының аумағындағы Мағаджан қоймасына су сыймай барады.

Осыған байланысты Ақтөбе су қоймасының шлюздері ашылады.

Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет хабарлады.

Ол Елек, Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдарынан қауіпсіз жерге көшіруге келісуін өтінді. Бірнеше күн бұрын осы саяжайларды су шайып кеткен еді. Аймақ тұрғындары қазір қаладағы мектептерге орналастырылған.

Азамат Бекет, Ақтөбе қаласының әкімі:

- Құрметті қала тұрғындары! Хромтау ауданының аумағындағы Мағаджан су қоймасының бұзылу қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына көп көлемді судың құйылуы күтіледі. Сәйкесінше Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Сақтықта қорлық жоқ демекші, ол судың арнадан шығу қаупі болғандықтан, сіздерді алдын ала хабардар етіп отырмыз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарынан эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізден шығуды сұраймын.