Роман Скляр құрылыс компания басшыларын көмектесуге шақырды

Бүгін Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс және жол-құрылыс компаниялары өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесуде бірінші вице-премьер су тасқынына қарсы шараларға көмек көрсетуге шақырды. Ол бизнес шұғыл түрде бірлесе әрекет етіп, қолда бар барлық күш пен арнайы техниканы жұмылдыру қажет екенін атап өтті. Роман Скляр қызыл судан қаланы қорғау керектігіне назар аударып, барлық жұмысты орындауға үш күн ғана қалғанын айтты.