Елдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты

Мал қорымдарын су басқан жағдайда аса қауіпті инфекциялардың таралу қаупі жоқ.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Олжас Тілебалдиннің айтуынша, сібір жарасынан өлген малдар өртеледі. Ал күлі жерге көміліп, оның айналасы дезинфекциялық заттармен қоршалады. Қазіргі таңда елдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Олжас Тілебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:

- Су тасқынына байланысты су басқан аймақтарда сібір жарасымен мал қорымдары көмілген. Алайда бұл аймақтар эпизоотиялық жағдай тұрақты болып отыр. Көмілген аумақ оқшауланған. Ал осы учаскелерді індеттің болуына жыл сайын мониторинг жасалады. Осы уақытқа дейін аурулардың жер бетіне шығу фактілері анықталған жоқ.