Әзербайжан этномәдени бірлестігі көмек жіберді

Ақтаулық Әзербайжан этномәдени бірлестігі елдегі су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға 7 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Оның ішінде тамақ, жеке гигиеналық заттар, қажетті жабдықтар бар. Сондай-ақ бірлестік көшбасшысы Шамсадин Гусейнов жекеменшік жатақханасына Құлсарыдан эвакуацияланған 50 отбасын орналастырғанын айтады.

Шамсадин Гусейнов, «Достлуг» әзербайжан этномәдени бірлестігінің көшбасшысы:

- Әзербайжан этнобірлігі өз тарапынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті. 4 жүк көлігімен 5 млн теңгеге азық-түлік тиеліп, штаб орталығына көмек жіберілді. Әзербайжан халқы қазақ халқымен жақсы күндерде бірге кешіп келді. Біз қашанда сіздермен біргеміз.