БҚО-ға Алматыдан көмек жеткізілді

Батыс Қазақстан облысына Алматы қаласынан көмек жеткізілді.

Су тасқынымен күрес шараларына арнайы жіберілген 225 техника мен 300-ге жуық адам Бәйтерек ауданындағы жағалауды бекіту жұмыстарына кірісті. Жайық өзенінің бойында құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар 20 шақырымнан астам бөгет салды.

Батырхан Сүлейменов, Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы:

- Премьер-министрдің тапсырмасымен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев су тасқыны салдарын азайту бойынша дайындық жұмыстарына көмек көрсетуге кірісті. Штаб басшылығының тапсырмасымен Алматы қаласы әкімдігінің күштері Бәйтерек ауданына жіберілді. Онда біз жергілікті биліктегі бөгет тұрғызуға көмектесеміз. Алматы Батыс Қазақстан облысына арнайы көмекке келді.  

Азамат Даубаев, Бәйтерек аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі күні Бәйтерек ауданы бойынша су тасқынының алдын алу мақсатында 300 техника және 3 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Жалпы ұзындығы 26 жарым шақырым бөгет жасалынды. Арнайы гидротехник мамандар келіп атап өту қажет. Алматыдан келген әріптестерімізге мың алғыс айтамыз.