Су басқан елді мекендерде 43 мыңнан астам волонтер көмектесіп жүр

Су басқан елді мекендерде 43 мыңнан астам волонтер көмек көрсетіп жүр.

Олар қаптарды инертті материалдармен толтыру, тұрғындарды ыстық тамақпен, жылы киіммен, төсек-орындармен қамтамасыз ету сынды жұмыстарды атқарады. Республиканың 16 өңірінде құрылған гуманитарлық көмекті жинау, және сұрыптау жөніндегі штабтар да жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін 6600 тонна гуманитарлық көмек жиналып, оның 4000 тоннаға жуығы зардап шеккен аймақтарға жіберілді. 

Бағдат Анарбаева, Алматы қаласындағы волонтерлар фронт-офисінің басшысы:

- Қазіргі таңда пунктің негізінде бізде 200-ден астам волонтерлар, 100-ден аса курсанттар, 30-ға жуық ірі волонтерлік ұйымның күштері жұмылдырылған. Осы күнге дейін волонтерлердің күшімен 430 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналып, өңірлерге жіберілген болатын.