Су басқан тасжол жөнделуде

Көлік қатынасы қайта қалпына келеді.

9 сәуірде Есіл тасып, Жеқазған-Петропавл тасжолының 872-ші шақырымын су басқан болатын. Қазір «ҚазАвтоЖол» мамандары аймақта жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін 6732 тонна қиыршық тас жиналып, карер құру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, үлкен габаритті тастар төгіліп, төселеді. Бұл іске 56 бірлік техника жұмылдырылды.