Ақтөбе облысындағы 278 тұрғынға өтемақы төленді

Тасқында төрт түлігінен айырылған тұрғындарға өтемақы төлене бастады.

Қазір шығынды есептеу үшін құрылған комиссия табиғи апаттан зардап шеккен мал иелерінің өтініштерін қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін 300-ге жуық ақтөбелікке 44 млн теңге берілген. Мәселен, Әйтеке би ауданында 19 адам өтініш берді. Оларға 1 млн теңгеден аса қаржы аударылды. Сондай-ақ Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны шығын болған 12 бас қой-ешкісіне 520 мың теңге өтемақы алған.

Базаркүл Нұржанова, Т. Жүргенов ауылының тұрғыны:

- Су басып, малымыз кетті. Қой-ешкіміз кетті. Бүкіл халық жабылып, мына акимат көмек берді. Дегенмен осындай шығындарымыз болды. 12 бас қой-ешкілерім болды. Сол жуық арада төленіп, міне кешке алдым, 520 900 теңгедей өтемақысын алдым. Рақмет үкіметімізге, Президентімізге рақмет.