Еліміздің кей аймағында тасқын қаупі сейілді

Мамандардың сөзіне сенсек, қазір Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақталған.

Десе де 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мың саяжай, бір мың аула аумағы мен 91 ғимарат су астында қалып отыр. Аталған өңірлерде тұрғындарды ауызсумен қамту, жарық және көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, тілсіз жаудың құрсауынан 119 мыңға жуық адам алдын ала эвакуацияланған, оның 44 мыңнан астамы - бала.