Қарағандыдағы өртенген орман алқабына 90 мың көшет егіледі

Қарағандыдағы ескі кірпіш зауыты маңындағы өртенген орманды қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Мұнда 90 мың үйеңкі және қарағаш егіледі. Көшеттер жергілікті тұқымбақта өсірілген. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынған экологиялық шараға 50-ге жуық орманшы мен мемлекеттік қызметшілер, волонтерлер қатысты.

2 жыл бұрын мұндағы 70 гектар орманды алқап жанып кеткен еді. Тілсіз жау ашық оттан тұтанған. Бір тал шырпыдан мемлекетке келген шығын – 11 миллион теңге.

Әйгерім Рамазанова, Қарағанды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының бас маманы:

- Бізде әрбір орман көшеттері – 2 жылдық көшеттер. 10 мен 60 сантиметр аралығында. Стандартқа сәйкес отырғызылады. Барлық екпе жұмыстары инспекциямен қадағаланып отырады.