Ақтөбеге Тәжікстаннан гуманитарлық көмек жетті

Көрші ел 9 вагонға түрлі құрылыс материалын тиеп жіберген, деп хабарлайды 24KZ.

Жалпы елдегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Тәжікстан үкіметі тарапынан 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізілді. 9 облысқа 2,5 мың тоннадан аса қажетті зат жеткізілді. Жүкті қабылдап, үйлестіру жұмыстарына әскерилер қолғабыс етіп жатыр.