Қызылордада 54 адамды кене шаққан

Қызылорда қаласында 54 адамды кене шаққан.

Бір тәуірі, олардан қауіпті вирус анықталған жоқ. Барлығы тиісті ем-шара қабылдады. Дегенмен облыста конго-қырым геморрагиялық қызбасының ошағына айналуы мүмкін елді мекендер қатары көбейді. Былтыр бұл тізімге 106 ауыл енсе, биыл 115-ке жетті. Мамандардың айтуынша, күн күрт жылынып, зиянкестер ерте оянған. Залалсыздандыру жұмыстары аясында 2 миллион 886 мың шаршы метр суат пен қоражай және 762 мың мал басы қамтылады. Кеселдің алдын алу шараларының сапасы мен тиімділігін арнайы жұмыс тобы бақылауға алған. Өңірде табиғаттан жиналған 700-ден астам кенеге зерттеу жүргізілді. Оның төртеуінен қауіпті вирус табылған.  

Айгүл Мусиева, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы: 

- Қызылорда қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қолайлы аймақтары ретінде соңғы үш жылда ауру тіркелген және соңғы екі жылда серопозивті кенелер анықталған елді мекендер жатады. Ол биылға 12 елді мекен анықталды. Өңдеу жұмыстары жылына екі рет жасалады. Бірінші кезең қазір жүріп жатыр. Екінші кезеңі мамыр айының 12-24-і аралығында жоспарланып отыр.