Жезқазғанда жол жөндеу жұмыстары басталды

Маусым айына дейін 57 көшенің жолы жаңа кейіпке енеді деп жоспарланған.

Көлік ағыны көп орталықтағы жолдарға қиыршық тас араласқан мастикалық бетон қоспасы төселеді. Осылайша шаһардағы жүруге жарамды даңғылдардың үлесі 70 процентке артады, - дейді мамандар. Жалпы қаладағы автокөлік жолының ұзындығы 200 шақырымнан асады. Оның  жартысында асфальт жамылғысы бар.

Шамшырақ Сайлауов, Жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Облыс және қалалық бюджеттен жол жөндеуге 3,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы қажеттілік 4,2 млрд теңгені құрайды. Жезқазған қаласы бойынша 54 мың шаршы метр орташа және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аяқталу мерзімі - 10 маусым.