ҚХА-ның кезекті сессиясы онлайн өтеді

Су тасқынына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы онлайн форматта өтеді.

Аймақтағы мүшелер шараға онлайн режимде қатысады. Бүгін Мемлекет басшысы Ассамблея Төрағасының жаңадан тағайындалған қос орынбасарымен кездесіп, осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккендерге зор көмек қосқанын атап өтті. Одан бөлек, жұмысты әрі қарай жандандыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.