ШҚО-да өзен суына ауыр металдар араласқан

Шығыс Қазақстандағы Карагужиха өзенінде ауыр металдардың үлесі нормадан 100 мың есе асып кеткен.

«Қазгидромет» мамандары алған сынамадан кадмий, темір және марганец табылды. Зиянды заттар өзен арнасына тау-кен компаниясына тиесілі ескі шахтадан түскен. Табиғат қорғау прокуратурасының тергеушілері қауіпті нысанды жою кезінде өрескел қателіктер жіберілгенін анықтады. Сондықтан, кәсіпорынға экологиялық шығынды өтеу және ескі шахтаны талапқа сай қайта көму сот арқылы міндеттелмек

Александр Акулов, ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

- «Востокцветмет» кәсіпорны тарапынан ескі шахтаны көму жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмағаны анықталды. Осыған байланысты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына актінің күшін жою туралы шағым түсірдік.