Атырау облысында еріктілер 1515 тонна гуманитарлық көмекті қабылдады

Атырау облысында жастардан құралған еріктілер тобы 18 күнде 1 мың 515 тонна гуманитарлық көмекті қабылдап, таратып берді.

Қабылдау орталығында 2 мың 500 жас жігіт пен қыздар ауысыммен тәулік бойы заттарды қабылдау, сұрыптау және жөнелтумен айналысты. Төтенше жағдай жарияланған алғашқы күндері мұнда жұмыс аса қарбалас болды. Тәулігіне 100-120 тонна жүк қабылданған күндер өтті. Қазір жұмыс біршама саябырсып, еріктілер мен әскерилер жиналған азық-түлікті сұрыптап, эвакуациялық бекеттерде тұрып жатқандар мен Құлсары қаласындағы аудандық штабқа жөнелтуде.

Мәдина Жұмағазиева, волонтерлер штабының мүшесі:

- Бұл жерде 200 дей пакет жасқаталып тұр. Бұлбір отбасының бірнеше күнге жететін азығы. Оның іщінде біздер көбіне бұзылмайтын өнімдерді жиадық. Солардың ішінде макарон, сүт, қалбырдағы ет (консерві). Одан бөлек баларға арналған тағамдарды қабылдаймыз. Соларды паекттрге бөліп қойдық. Онан бөлек гигиеналық заттарды да қсоып беріп жатырмыз.