Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға баруға дайындалып жатыр. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары зілзаланың салдарын жою үшін көмекті күшейте түспек. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: - Біз Түркия еліне жіберген мамандар тобын күшейту туралы шешім қабылдадық. Ол жайлы Мемлекет басшысы мен Үкіметке хабарладық. Нәтижесінде міне бүгін тағы 56 адам жіберіп жатырмыз. Олар барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Арасында медициналық қызметкерлер де бар. Қажет болса, олар өзіміздің құтқарушыларға жәрдем бере алады. Сондай-ақ бортта жеңіл жедел құтқару техникасы да бар. Исламбек Амангелдинов, қалалық құтқару жасағының өкілі: - Түркия мемлекетіне бара жатқан құтқарушылар өте тәжірибелі. Психологиялық тұрғыдан ондай қиындық туғызады деп ойламаймын. Ең басты мақсат.