Қазірдің өзінде тұқым қоры 98%-тен жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24». Жалпы көлемі 2,5 млн тоннаға жуықтайды. Оның 2 млн тоннасы дәнді, 80 мыңы майлы дақыл, 22 мың тоннасы жемшөп және 331 мың тоннадан астамы картоптың еншісінде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, егіс науқанына өңірлерде 382 мың тоннаға жуық дизель отыны әзірленді. Сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірге аймақтарды мұнай өңдеу зауыттарына беру кестесінің жобасы жасалып жатыр.