Бұл жолы теңіз сақшылары Оймаш полигонында жаудан түнде қорғану әдістерін меңгерді, деп хабарлайды «Хабар 24». Командирлер мен сержанттар уақытша курсанты міндетін атқарып, оларға нұсқаушы-мамандар мергендерден жасырыну, қоршауда қалған сарбаздарды құтқару жолдарын көрсетті. Оқу-жаттығу жиыны бес күнге созылды. Әскерилер теңіз сақшыларының құрлықта да қырағылық танытып, кез-келген қақтығысқа дайын болуы үшін осындай жаттығулардың маңызы зор екенін айтады. Ершат Қарасаев, ҚР ҚК Әскери теңіз күштері бас штабының аға офицері: - Жеке құрамның атыс дайындығын, кәсіби тәжірибелік машықтарын жетілдіру болып табылады. Осы жиынға қатысқан жеке құрам өз бөлімшелеріне барып, меңгерген машықтарын жеке құрамына үйретеді және әрі қарай дамытады.