Атыраудағы қамыс өртін сөндіру мүмкін болмай жатыр. 127 гектарға жуық жер жанып кеткен. Асланбек Шығыр, тілші: Иә, қызыл жалынды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Қазірдің өзінде 3 гектардан астам жер өртеніп жатыр. Өрт ошағы теңіз жағалауына жақын, сондықтан ол жерге өрт сөндіру көліктері бара алмайды. Төтеншеліктер тек қол күшімен ғана сөндіруге тырысқан. Бірақ ол да нәтиже бермеді. Өрт өршіп бара жатқан соң кеше Қызылордадан тікұшақ көмекке келді. Әуелі әуеден барлау жасап, кейін сөндіру жұмыстарына кіріскен. Бүгін тағы әуеге көтеріліп, су шашып жатыр. Жантөре Демешов, облыстық ТЖД бөлім бастығы: - Қазір ТЖД-дан 40 қызметкер 9 техника, резерваттан 30 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылды. Қазір тішұшақ су шашып, сөндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Қазір 3,3 гектар жанып жатыр. Асланбек Шығыр, тілші: Өңірдегі техника тапшылығын да айта кетейік. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тек 45 процентке ғана техникамен қамтылған. «Оны 100 пайызға жеткізу үшін әлі 214 техника керек. Жалпы былтыр 5 орман өрті тіркелген екен. 1860 гектар жер жанып кеткен. Егер техника сақадай сай болса, жағдай басқаша болар ма еді»,- дейі мамандар. Айта кетейік, 3 сәуір күні қаланы қою түтін басқан еді. Осы уақытта Атырау мұнай өңдеу зауыты мен газ-химия кешенінде де оқыс оқиға орын алды. Яғни АМӨЗ бен Газ-химия кешенінің құбырынан қара түтін шығып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Осыған қатысты енді экология министрлігі іс-құжаттарын прокуратура жолдамақ.