Елорда базарларында баға тұрақтылығы сақталуда, деп хабарлайды Elorda.info. Кешегі күнмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгермеген. Айта кетсек, сүт өнімдерін «Шапағат» базарынан алған тиімді. Өзге 3 базармен салыстырғанда бұл базарда сүт, айран, сүзбе бағасы арзан.