Оны қорықшылардың бірі байқап бейнекамераға түсірген, деп хабарлайды «Хабар 24». Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада көпірге дейін ағын судың лайланып жатқаны көрінеді. Ал өткелден кейін ақшыл-жасыл түске боялғаны байқалады. Автор көбіктің қалыңдығы 10 см-ге дейін жеткенін әрі жағымсыз иіс шығатынын айтады. Еліміздің экология министрлігі өзенге «Жаркент Крахмал сірне» зауытының қатысы бар деген болжам жасап отыр. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына облыстық экология департаментінің өкілдері барды. Олар топырақ пен судан сынама алған. Ерасыл Бекжанов, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы: – Аз мөлшерде ағып жатқан сулардан сынама алынды. Қазіргі таңда департаменттің зертханалы талдамалы бақылау бөлімінің тарапынан өзінің акридеттеу саласына сәйкес 12 түрлі ингридиент бойынша химиялық талдау жүргізіліп жатыр. 5 күннен кейін нәтижелері белгілі болады.