Елде су басқан үйлер саны 1376-ға жетті. Өткен тәуліктің өзінде су тағы 55 үйді басты. Ал су басқан аула саны 1319. Бүгінгі күні 988 ауладан, 358 үйден су сорылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Құтқару және топан судың алдын алуға 12 мыңнан астам адам, 2 жарым мың техника жұмылдырылған. 9 әуе көлігі тұрғындарды эвакуациялап, гуманитарлық жүк жеткізіп жүр. Нәтижесінде су тасқыны басталғалы бері елде 17 мың 131 адам құтқарылды. Оның 6 мың 683-і бала. Тасқын су салдары Су басқан үйлер саны – 1376 Су басқан аула саны – 1319 358 үйден су сорылды 988 ауладан су сорылды 17131 адам құтқарылды (6683-балалар) 638 мың қап құм 912 мың тонна инертті материал Топан сумен күрес жұмыстарына жұмылдырылды: 12 мың адам 2,5 мың техника 801 су сорғылау техникасы 105 қайық 9 әуе көлігі