Қазақстанның Ядролық физика институты әлемдегі беделді орталықтармен байланысты нығайтуды көздеп отыр. Бұл туралы Алматыда басталған «Жоғары энергия физикасы және үдеткіш технологиялар» атты халықаралық шарада айтылды. Оған алыс-жақын шет елдерден келген 50-ден астам маман қатысуда. Шілде айында Ядролық физика институты еуропалық ұйыммен келісімге келген. Уағдаластық аясында отандық ғалымдар CERN-Ядролық зерттеулеріне қажетті строу-детекторлардың бір бөлігін құрастырып сатуды жоспарлап отыр. Бұған АҚШ-тың ұлттық зертханасы тарапынан сұраныс көп. Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры: - Строу-детектер деген қазір әлемде ең қажетті сенімді детектерлердің бірі болады. Farmilab CERN-нің тікелей конкуренті. DUNE деген жобаны 2028 жылы бастағалы отыр. Бас-аяғы 3,5 млрд құны бар мегасайенс жоба. Оның миллиард доллары осы строу-детекторлар. Сол миллиард доллардың ішіне Қазақстан өзінің үлесін қосып сол жерге строу-детекторлар жасап беремізба деген ниетіміз бар.