Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы жылу электр станцияларында бірнеше қазандық агрегаты тоқтап, тұрғындар жылу мен ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Энергия таратушы ұйым өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта сегізінші және 14-агрегаттар қайта іске қосылды. Жөндеу бригадалары тиісті шараларды қолға алды. Десе де тұрғындардың көңілі алаң. Екібастұзда қатты аяз. Ауа температурасы – 32 градус шамасында. Ал жылу орталығындағылар жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.