Әртүрлі жастағы сарапшылар өтіп жатқан сайлау барысын талқылады. Олар бұл саяси маңызы бар қадам екенін және әр қазақстандық азамат өз позициясын осы сайлауда дауыс беру арқылы көрсетуі керектігін айтты. Сондай-ақ пандемия жағдайында сайлау өткізу бұл тарихта қалатынын атап өтті. Себебі індет өршіп тұрғанда мұндай ауқымды саяси шара өткізу, шетелден келген байқаушыларды қабылдау – үлкен жұмыс. Жастардың және әйел адамдардың кандидат ретінде қатысуы да болашақта үлкен өзгерістер алып келуі мүмкін.