Тасқында төрт түлігінен айырылған тұрғындарға өтемақы төлене бастады. Қазір шығынды есептеу үшін құрылған комиссия табиғи апаттан зардап шеккен мал иелерінің өтініштерін қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін 300-ге жуық ақтөбелікке 44 млн теңге берілген. Мәселен, Әйтеке би ауданында 19 адам өтініш берді. Оларға 1 млн теңгеден аса қаржы аударылды. Сондай-ақ Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны шығын болған 12 бас қой-ешкісіне 520 мың теңге өтемақы алған. Базаркүл Нұржанова, Т. Жүргенов ауылының тұрғыны: - Су басып, малымыз кетті. Қой-ешкіміз кетті. Бүкіл халық жабылып, мына акимат көмек берді. Дегенмен осындай шығындарымыз болды. 12 бас қой-ешкілерім болды. Сол жуық арада төленіп, міне кешке алдым, 520 900 теңгедей өтемақысын алдым. Рақмет үкіметімізге, Президентімізге рақмет.