Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафонын іске қосады, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты. Телемарафонның мақсаты – Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыру. Телемарафонның бағдарламалық іс-шаралары мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында өтеді. Олардың ішінде:- ақпараттық роликтер;- мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат;- патриоттық іс-шаралар.